03.03.2026
14:00
262
БҰҰ мінберіндегі мәселе: Мелания Трамп тағы да бала құқығын қорғады

БҰҰ мінберіндегі мәселе: Мелания Трамп тағы да бала құқығын қорғады

Мелания Трамп БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етті. АҚШ-тың бірінші ханымы осы ұйым тарихындағы алғашқы әйел төраға болды. Жиында бала қауіпсіздігін көтеріп, Таяу Шығыстағы мәселеге алаңдайтынын айтты. Оның талайдан бері бала құқығын қорғап жүргені тағы бар.

Мелания Трамптың БҰҰ-дағы бастамалары

Иә, биыл кезек бойынша ақпан-наурыз айында АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етеді.  Төраға Мелания Трамп «Балалар, технологиялар және білім»  тақырыбында Кеңестің сессиясын жүргізді. Отырыс барысында  білім мен технологияның бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытудағы рөлі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ балаларды қорғау қажетін атап өтті.

Әрине, сессия барысында кейбір спикер АҚШ-тың Иранға қарсы әрекетін сынады. Десе де Милания балаларды барынша қорғау керегін, өз тарапынан да қолынан келгенін істейтінін мәлімдеді.

Өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында  Мелания Трамп «Fostering the Future Together» атты жаһандық балалар коалициясын жариялады. Бұл бастама білім, технология және инновация арқылы балалардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.  Коалицияның негізгі мақсаты – балалардың жеке даму мүмкіндігіне жол ашу.Білім беру мен технологияны дамытудағы ынтымақтастық. Оған қоса Жасөспірімдерді жасанды интеллект және онлайн қауіптерден қорғау бар. Осылайша, Мелания өзінің бала құқығы мәселесіне бей-жай қармайтынын дәлелдеді

     ...Баласын ана – жоқтамасын мәңгілік!

Бала құқығы дегеннен шығады, Трамптың жары Ресей мен Украина соғысы кезінде де бала қауіпсіздігін ойлап, шырылдағанның бірі. «Бала ата-анасынан жырақта қалмасын» деп бастама көтеріп, Ресей президенті Путинмен келіссөз де жүргізді.

Өткен  жылы тамызда  Мелания Трамп Владимир Путинге балаларды қорғау туралы хат жазды. Оны АҚШ Президенті Дональд Трамп Аляскадағы кездесуде табыс етті.  Хатқа Путиннен жауап келгеннен кейін  ана мен баланы қауыштыру процесі басталды.  

Нәтижесінде, 2025 жылдың қазан айында 8 бала отбасына қайта оралды. Көп өтпей, желтоқсанда тағы 7 бала үйіне қайтты. Биыл ақпанда үшінші рет ана мен баланы қауыштыру процесі жалғастыны хабарланды. 

Ресейдің балалар омбудсмені Мария Лвова-Белова өзінің Telegram-тағы жазбасында Мелания Трампқа  осы іске белсене кірісіп жатқаны үшін алғыс білдірді.

Гуманитарлық жобасы бар

            Мұнымен қоймай, Меланияның балаларға қатысты бірнеше гуманитарлық жобасы бар.  Мысалы, «Be Best» бағдарламасы балалардың әлеуметтік, эмоциялық және физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл бағдарлама кибербуллингке, есірткіге қарсы күрес және балалардың әл-ауқаты мәселесін шешеді. Ал «Fostering the Future» әлеуметтік осал топтағы балаларға білім, мансап және түрлі ресурсқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған. Бұл бастаманы АҚШ президенті қолдады, ресми бекітті.  Жобаға инвестор тартылған, олар университеттер мен  үкіметтік емес ұйымдармен  бірге жұмыс істейді. Жастарға стипендия береді, білім беруге мүмкіндік жасап, мансап жолын құруға көмектеседі.