БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық қар барысы күнін ресми түрде бекітті

13 Желтоқсан, 12:47 318

БҰҰ Бас ассамблеясы Қырғызстанның бастамасы бойынша 23 қазанды Халықаралық қар барысы күні деп ресми түрде бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 қазанды Халықаралық қар барысы күні ретінде атап өту 2013 жылы Бішкекте өткен Қар барысын сақтау бойынша бүкіләлемдік форумнан кейін дәстүрге айналған болатын. Дегенмен, атаулы күн ресми мәртебеге тек енді ғана ие болып отыр. 

БҰҰ қарарына әлемнің 61 елі қол қойса, олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бар. 

Қар барысы – мысық тұқымдас ірі жануар, ол Орталық және Оңтүстік Азияның таулы жерлерін мекендейді. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген. Браконьерлік, жабайы жануарлар саудасы және мекен ету ортасының бұзылуына байланысты қар барысына жойылу қаупі төніп тұр, – деді БҰҰ жанындағы Қырғызстанның тұрақты өкілі Аида Қасымәлиева. 

Еске салайық, Қырғызстан президенті 2023 жылы қар барысын Қырғыз елінің мемлекеттік рәмізі ретінде тану туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: