Бұрынғы ұлттық экономика министрі жаңа қызметке тағайындалды

1 Сәуір, 12:05 5422

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қызметке бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тағайындалған.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019-2021 жылдар аралығында — ҚР тұңғыш президенті кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2021-2022 жылдар аралығында — ҚР ұлттық экономика вице-министрі

2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: