13.07.2023
22:42
1790
Бурабайдағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді

Бурабайдағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді

Облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 13 шілдеде сағат 16.12-де Бурабай ауданындағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді.

Алдын ала  болжам бойынша жану алаңы 0,14 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 120-дан астам адам мен техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.

Өрт сағат 18.25-те оқшауланды.

Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.