06.05.2024
12:28
3411
Бурабайда велосипедпен ағашқа соғылған жасөспірім көз жұмды

Бурабайда велосипедпен ағашқа соғылған жасөспірім көз жұмды

Бурабайда турист жасөспірім велосипедпен ағашқа соғылып қаза тапты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала анықталғандай, бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Соның салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, — деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары қолға алынды.