Бурабайда туыстарымен демалысқа барған 14 бала тамақтан уланды

23 Маусым, 02:14 846

Бурабай ауданында туыстарымен демалысқа барған 14 бала астан уланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8-17 жас аралығындағы балалар аудан орталығындағы «Тұрар Халал» демалыс орнында таңғы ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген. Кейін медициналық көмекке жүгінген. Олардың айтуынша, таңғы асқа әртүрлі тағам жеген.

Белігі болғандай, балалар аталған демалыс орнына туыстарымен бірге 20 маусымда келген.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастар қажетті ем алған соң үйлеріне жіберілді.  

Дәрігерлер улану дерегін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлаған. Енді мамандар қонақ үйдің дәмханасын тексеріп жатыр.  

Зарина Арман
Бөлісу: