Бурабайда туристер үшін қандай жағдай жасалған?

17 Желтоқсан, 18:34 351

Бурабай курортында туристер үшін қысқы маусым ашылды. Биыл туристерді қандай қызықтар күтіп тұр? 

Бурабайға барсаңыз ат басын туристер қарасы үзілмейтін жер – бұғы-марал фермасына бұрыңыз. "Ақ марал" сауықтыру кешеніндегі марал шаруашылығында 200-дей марал бар. Олардың мүйізі – пантотерапия, мүйізі мен қаны пентогематоген процедуралары үшін қолданылады. Дәрігердің айтуынша, табиғатта 22 түрлі аминқышқылы кездессе, марал мүйізінде оның 18 түрі бар. Сонымен қатар мұнда маралдарды тамашалап, қоректендіруге де болады.

Фото Burabay Damu

Одан соң Абылай хан алаңында орналасқан қазақстанда баламасы жоқ Мультимедиалық интерактивті кешенмен танысыныз. Мультимедиялық интерактивті кешенге жаңғыртудан өткеннен кейінгі жарты жылда 7 мыңнан астам қонақ келген. Биылғы шілде айында мультимедиялық интерактивті кешен ауқымды жаңғыртудан өтіп, Қазақстандағы ең жоғары технологиялық музейлердің біріне айналды.

Ондағы заманауи анимациялық және аудиовизуалдық технологиялар әрбір келушіге қазақ мәдениетінің бірегей атмосферасына енуге және еліміздің тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Заманауи кешен күніне 500 келушіні қабылдай алады.

Айта кету керек 1 қарашадан бері Абылай хан алаңының маңында ақылы автотұрақ жұмыс істеп тұр.

Фото: baigenews

Тұрақта алғашқы 10 минут тегін тұруға болады, одан кейінгі әр сағаты - 150 теңге. Ақылы паркинг 150 көлікке есептелген және тәулік бойы жұмыс істейді, ондағы барлық жүйе автоматтандырылған.

Бұл шара жүргізушілердің уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді деп ойлаймыз.  Өйткені ретсіз көлік қою салдарынан көптеген адам бос орын таба алмай қиналады. Оған балама ретінде жақын маңда 67 орынға арналған тегін паркинг те бар. Ақылы паркингтен түскен барлық қаражат туристік аймақтың инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруға жұмсалады, − деді «Бурабай даму» ЖШС бас директорының орынбасары Сүлеймен Қадыров. 

Бурабай курортында үлкенге де, кішіге де демалуға, көңіл көтеруге керек қызықтың бәрі бар. Солардың бірі «Қазақстан Лапландиясы».

Биыл курорттық аймақ жаңартылып, есігін айқара ашып, қонақтарын кезекті мәрте қарсы алуды бастады. Келген адамдарды Санта Клаустың эльф-көмекшілері есік алдынан күтіп алып, резиденция саяхат жасауға шақырады. Бұл жерде балаларға да, ересектерге де қуаныш сыйлайтын, ұмытылмас әсер қалдыратын керемет орталық салынған.

Айталық, резиденция аумағында сырғанақтан шанамен заулап, коньки, шаңғы тебуге болады. Мұз қалашығы да бар. Жергілікті бақсының да үйі де осы маңда.

Туристерге тартымды жерлердің кейбіріне тоқтала кетсек, BurabayLand отбасылық ойын-сауық саябағында жұртшылық ертегі әлеміне түскендей күй кешеді. Көптеген турист үшін бұл саябаққа жыл сайын келіп тұру дәстүрге айналған. 

Көрікті аймақтың туризм әлеуетін дамытумен «Бурабай Даму» ЖШС айналысады. «Бурабай-Даму» демалыс орнындағы нысандарды күтіп ұстап, сапалы қызмет көрсетеді. Атақты Абылай хан алаңы саябағындағы мультимедиялық интерактивті кешен, визит-орталық, «Burabay Land» ойын-сауық саябағы және Марал фермасы сынды нысандардың жұмысын осы кәсіпорын жүзеге асырады. 

Диана Орынбасар
Бөлісу: