Бурабайда суретке түскісі келген әйел таудан құлап көз жұмды

12 Маусым 2023, 12:30 1649

Бурабай курорты аумағында Бөлектау тауынан әйелдің құлап, мерт болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 маусымда болған. Анықталғандай, қайтыс болған әйел бір күн бұрын отбасымен бірге Астанадан Бурабай ауданына келген. Бөлектау тауының шолу алаңында суретке түспекші болған кезде төмен құлап, тасқа соғылған.

Адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына демалуға барғанда сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: