Бурабай ауданы Сарыбұлақ ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында екі қабатты монша шатыры жанды. Оқиға желтоқсанның 21-інен 22-сіне қараған түні болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 40 шаршы метр алаңды шарпыған қызыл жалын жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл түрде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.