27.07.2025
12:21
761
Бұқтырмада 4 адам мінген қайық аударылып қалды

Бұқтырмада 4 адам мінген қайық аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Бұқтырма су қоймасында аударылған қайықтан төрт адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ведомствоның мәліметінше, Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасынан қайықта болған төрт адамның төңкеріліп, борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Алдымен адамдарды оқиға орнынан байқап, өз қайығына мінгізген балықшы көмек көрсеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері азаматтарды катерге ауыстырып, жағаға қауіпсіз жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмаған, - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды немесе желді ауа райында суға шығарда барынша сақ болуға шақырады.