Бұқтырма су қоймасында қайықпен жағаға шыға алмай қалған адам құтқарылды

6 Шілде 2023, 17:21 2394

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында қайықпен жүрген демалушыларды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі 6 шілдеде Алтай ауданының құтқарушыларына демалыс базаларының бірінде екі адам Бұқтырма су қоймасы арқылы қайықпен жүзіп, байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу  іздеуге кірісіп және Шығанақтағы қарама-қарсы жағалауда жоғалғандарды тауып алған. Адамдар бар қайық демалыс орнына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта. 

ШҚО ТЖД демалушыларға тиісті ережелерді сақтауды ескертеді. Оның ішінде

- облыста найзағай, бұршақ және қатты жел туралы дауыл туралы ескерту бар, осыған байланысты мұндай метеожағдайларда қайықпен және басқа да жүзу құралдарымен жүрмеңіз. 

- жүзу құралдарымен жүрген кезінде құтқару кеудешелерінің болуы міндетті.

- суға шықпас бұрын жүзу құралының жарамдылығын тексеріңіз;

- қайықты шамадан тыс жүктемеңіз-әр кемеде жолаушылар саны бойынша шектеу бар, осы шектеулерді сақтаңыз.

- қозғалыс кезінде жүруге немесе қайықтың шетіне отыруға болмайды, сонымен қатар балаларға бұған жол бермеңіз, жолда қолыңызды бортқа шығармаңыз, жүзу құралдарынан секіріп кетпеңіз.

- балаларды жүзу құралдарында жалғыз қалдырмауды қаперге салып отыр. 

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу "112"нөміріне қоңырау шалу қажет. 

                                         

Асқар Таудай
Бөлісу: