Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің технологиялық өткел құрылысы аяқталды

31 Желтоқсан 2023, 00:40 1257

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысшылары технологиялық өткел құрылысын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Ол техника, жабдықтар мен мамандарды жұмыс орнына үздіксіз және жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Технологиялық көпірдің ұзындығы - 1153 метр, онда 13 құрылыс алаңы бар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр және логистиканы, туризмді, шағын және орта бизнесті дамытуда  ол мультипликативті әсерге ие болады. Қазірдің өзінде мұнда жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары жұмыс істеп, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Көпірдің бәріміз үшін, бірінші кезекте, шалғайдағы шекаралас аудандарымыз: Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұрғындары үшін маңызы зор. Мен бұл стратегиялық маңызды жобаны 2024 жылы лайықты аяқтайтынымызға сенімдімін, - деді Ермек Көшербаев.

Екі жолақты автомобиль көпірі Күршім ауданының Құйған ауылындағы Бұқтырма су қоймасының ені ең кішірек учаскесінде салынып жатыр. Бұл Қазақстандағы ең ұзын көпір болады.

18 тіректің 12-сі орнатылып, алтауы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, кірме жолдар, су өткізу құрылыстары мен айналма жолдар ретке келтіріліп жатыр.

Егер бүгінгі таңда кезек күту уақытын есептемегенде, су қоймасы арқылы пароммен өтетін уақыт 40 минутқа созылса және пароммен әрбір жүріп өткені үшін көп ақша төлеуге тура келсе, онда құрылыс аяқталғаннан кейін су қоймасын екі минутта ғана кесіп өтуге болады, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Бүгінгі таңда нысан республикалық меншікке - Автомобиль жолдары комитетіне тапсырылды.

Құрылыс жұмыстарының сапасы тұрақты бақылауға алынған. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 14 рет келіп, 20 сынама сынақтан өткізді. Барлық анықталған ескерту жойылды.

Бүгін Күршім және Самар аудандарының тұрғындары бірінші болып технологиялық өткел бойынша бір жағалаудан екінші жағалауға өтті. Әзірге жаяу өтті. Бірақ ақсақалдар бір жылдан ксол  ұлдары оларды жаңа көпір арқылы өз автомобилімен өткізетіне  сенімді.

Берік Арманов
Бөлісу: