Бұқара нан, макарон, ет алу үшін кредит алуға мәжбүр - депутат

1 Қараша 2023, 17:21 1584

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелгенін айтты. Оның пікірінше, кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 млн адамға 9 мың грантпен кімнің жамауын жамаймыз? Бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті. Бұл тенденция қазір жалғасып жатыр. Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Міне, осы мәселе бюджетте қарастырылмаған, - деді ол.

Ол вице-премьер Тамара Дүйсеновадан кедейшілікпен күрес жөніндегі комиссия қашан құрылатынын сұрады.

Кедей азаматтардың мүддесін қашан қорғаймыз? Істің насырға шапқанын күтеміз бе? - деді ол.

Дүйсенова Үкімет жанынан халықтың табысын арттыру бойынша жобалық кеңсе құрылғанын айтты.

Оның құрамына депутаттар мен мемлекеттік орган мүшелері кірді. 2 228 ауылдың жағдайын қарап шықтық. Кедейлік деңгейі мен жұмыспен қамту сараланды, - деді вице-премьер.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: