«Бұл – демократиялық практика». Тұқымов аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру туралы

6 Қыркүйек 2023, 11:46 688

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді ұсынды. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін Тұқымовтың сөзіне қарағанда, бұл өзін-өзі басқару жүйесінда маңызды қадам.

Бұл - аудан әкімдері үшін өзін-өзі басқару жүйесінде мүмкіндік беретін маңызды қадам. Әкімдерге аудан қаражатын жұмсағанда, орталық органдардың сан келісімін алудың қажеті жоқ. Оның үстіне, әкім жергілікті мәселелермен жақсы таныс. Мектеп салу керек пе, емхана салу керек пе?.. Ондай шешімдерді қабылдағанда ұзын-сонар келісім жасау тиімсіз. Қаржыны басқаруға келгенде орталықтандырылған жүйеге тәуелді болмайды, - Еркін Тұқымов.

Сонымен қатар ол қаржыны басқару құқығын беру әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады деп отыр.

Бір жағынан, бұл құрал аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Бұл – демократиялық практика, - дейді ол.

EL.KZ
Бөлісу: