Бүгінгі қоғам балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қауіп-қатерлерге ие – Динара Зәкиева

15 Наурыз, 16:12 729

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева  еліміздегі бабалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, еліміздің тұрғындарының 1/3-і балалар.

Балалардың жыл сайынғы өсуі ең алдымен мемлекеттің балаларға деген қамқорлығын көрсетеді. Мысалы, Ұлттық қор балаларға бағдарламасы Қазақстан халқына қорының 67 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруы, ауылдарда, аудандарда оңалту орталықтарының ашылуы, Жайлы мектептер жобасы, 100 ірі қосымша білім беру ұйымының және 50 балалар демалысы орталықтарының шылуы. Сонымен қатар, сіздің тапсырмаңызбен «Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы ерекше қолдау тапты. Бұл баршамызды, құқық қорғау институттарының өкілдерін, сарапшыларды, ұлттық комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдарды біріктірді, - дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Динара Зәкиева «Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты» заң жобасы өткен жылы Мәжілісте қаралып, Сенатқа өткенін айта кетті. 

Жалпы бұл заң жобасы балаларды қорғауды, әйелдер мен отбасын қолдаудың бірыңғай тұжырымдамасын қалыптастырды. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық пен агрессияға нөлдік төзімділіктің бастауы бола алады. Бүгінгі қоғам балалардың дүниетанымын қалыптастыруда белгілі бір қауіп-қатерлерге ие. Қазіргі таңда заңдылық пен тәртіп, еңбексүйгіштік пен бірлік тақырыбын нығайту көп айтылады. Расымен, құңдылықтарды дәріптеу  әсіресе, өскелең ұрпақ үшін өте маңызды әрі пайдалы. Бұл тұрғыда біз әріптестерімізбен шетелдік тәжірибелерді де зерттеп көрдік. Талдау барысында ұлттық бірыңғай негізгі қағидаты іргелі құңдылықтарды ұлттық деңгейде бекіту екенін байқадық.,- дейді Динара Зәкиева.

Осылайша, біраз елде нақты құңдылықтар тізімі бекітілгенін атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: