Бүгінгі күннің валюта бағамы

4 Қаңтар 2023, 09:41 1968

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,65 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,43 теңге.

30 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,60 теңгеге қымбаттап, 462, 66 теңге болған.

Ресей валютасы 6,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466 – 470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 465–470 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75– 6, 25 теңгеге сатып алуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: