Бүгінгі доллар бағамы қандай?

30 Мамыр 2023, 11:45 740

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

1 доллар құны – 444,45 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,56 теңге.

29 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,96 теңгеге төмендеп, 444,51 теңге болған.

Ресей валютасы 5,55 теңге болды.

Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылуда. Ал Алматыда доллар 443,5– 446,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 5, 42 – 5,52 теңгеден саудалануда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: