Бүгінгі доллар бағамы қандай?

15 Мамыр 2023, 11:00 752

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1 доллар құны – 445,99 теңге, Ресей рублінің бағамы - 5,78 теңге.

12 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 04 теңгеге қымбаттап, 446,25 теңге болған. Ресей валютасы 5,80 теңге болды.

Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде 1 доллар 445 – 449 теңгеден сатылуда. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5– 448 теңге аралығында тұрақтамай тұр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: