10.05.2025
09:49
1080
Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

10 мамыр күні Астана мен Алматы қалаларындағы валюта айырбастау орындарында АҚШ доллары 514–520 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің осы күнге бекіткен ресми бағамы бойынша 1 доллар – 516,01 теңге. Ал еуро бағамы – 582,47 теңге, ресей рублі – 6,26 теңге көлемінде белгіленген.

Kurs.kz платформасының мәліметіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 516,3 теңгеге сатып алып, 518,9 теңгеден сатуда. Еуро бұл қалада 582–586 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада валюта бағамы сәл жоғары: долларды сатып алу – 514 теңге, сату – 520 теңге. Еуро 580 теңгеге сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ ресейлік валюта – рубль 6,11–6,25 теңге аралығында сатылуда.

Еске салайық, 8 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 516,01 теңгеге тұрақтаған болатын.