Бүгінгі ауа райы қандай болады

18 Қазан, 08:26 435

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 қазанда елдің кей өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауатынын, тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының орталығында, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: