Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні

12 Маусым 2023, 00:00 4092

Бүгін, 12 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапарында Семейдегі орман өртінен қаза тапқан азаматтардың құрметіне 12 маусымды елімізде қаралы күн деп жариялайтынын айтқан болатын.

Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Президент Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды

Ұлттық аза тұту күні ел аумағы бойынша мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиода ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама беру тоқтатылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: