Бүгін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтеді

28 Қазан 2022, 07:20 2140

Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер басшылары кіреді

28 қазанда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҰҚШҰ ресми ақпараттық арнасы.
 
Сессия барысында ҰҚШҰ-ның 15 қыркүйекте әзербайжан-армян шекарасындағы жағдайдың ушығуына байланысты Арменияға аттандырылған миссиясының нәтижелері талқыланады.
 
Сонымен қатар Армения Республикасына көмек көрсетудің бірлескен шаралары қаралады.
 
Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер басшылары кіреді. ҰҚШҰ құрамында алты ел бар. Олар - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан.
Бөлісу: