Бүгін «Тобыл» өз алаңында «Базельді» қабылдайды

3 Тамыз 2023, 09:07 1005

Бүгін, 3 тамызда, Конференция лигасының екінші іріктеу раундында «Тобыл» мен Швейцарияның «Базель» клубтарының қарымта матчы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанайда өтетін «Тобыл»-«Базель» ойынын Астана уақытымен 20.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аламыз.

Сырт алаңдағы алғашқы кездесуде «Тобыл» сенсациялық жеңіске қол жеткізген - 1:3.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: