10.03.2025
12:05
1100
Бүгін Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актер 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.

Актердің алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Қыс – мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді» т.б. фильмдеріне түсті.

Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады. Актер 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Парасат орденімен» марапатталды.