Бүгін Қазақстанның 7 өңірінде аптап ыстық болады

16 Маусым 2023, 12:31 862

Қазгидромет синоптиктері 16 маусым, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғары қысымның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батыста, солтүстік-батыста, қиыр шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында қатты ыстық сақталады.

Жетісу, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Равиль Ашығали
Бөлісу: