Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанды дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – әулеттің өнегелі дәстүрін жалғастырып, кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылған үлгі боларлық адал азаматтың мерекесі.
Біз еңбек мәдениетін дамытып, өскелең ұрпақты еңбекті құрметтеуге тәрбиелей отырып, еңбек адамы әрқашан ерекше құрметке ие болатын қоғам құрамыз. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізбек, - деп жазды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен.