Бүгін – Отбасы күні

8 Қыркүйек, 09:08 425

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мереке шамамен 10 жылдан бері тойланып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда отбасылар саны 1,5 млн астам өсті, ал ажырасу саны соңғы 5 жылда 48,6%-ға азайды.

Отбасы – басты құндылық. Ол адам өмірінде ерекше орын алады. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе береді, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, бойындағы қабілеттер мен таланттарды дамытуға көмектеседі, ұлттық дәстүрлермен таныстырады.

Отбасы күні құтты болсын! Барша қазақстандықтарға бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз. Бүгінгі күнді жылы отбасылық ортада өткізейік.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: