09.09.2024
14:32
1460
Бүгін Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

Бүгін Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділдә бүгін бостандыққа шығып, жақындарымен қауышты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы түрмеге қамалар алдында онымен жақын араласқан жайдарманшы Мансар Орынхан жазды.

Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.