24.08.2025
11:15
102
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін, 24 тамызда Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасына қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Алайда Қараганды, Теміртау, Ақтөбе және түнде Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия жатады.

Осындай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін. Бұл тұрғындардың денсаулығына әсер ету қаупін тудырады.

Синоптиктердің айтуынша, ауа ластану деңгейінің қалыптасуына жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы секілді метеорологиялық жағдайлар негізгі ықпал етеді.