Қазгидрометтің мәліметінше, осы күні Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ал Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
«Астанада 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін барады», - деп хабарлады синоптиктер.
27 қазанда түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікқе ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Бүгін Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
27 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Қостанай облысының да шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
«Осы күні Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сол сияқты, бүгін түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.