Елімізде кеншілердің кәсіби мерекесі елімізде жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы 107 кеншіні марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.