08.10.2023
13:48
943
Бүгін еліміз бойынша бірнеше бағытта ақылы жолдар іске қосылды

Бүгін еліміз бойынша бірнеше бағытта ақылы жолдар іске қосылды

Бүгіннен бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі "Қазавтожол" АҚ-на сілтеме жасап.
 
8 қазанан "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады. Оның ішінде: 
 
2023 жылдың 9 қазанында "Бейнеу-Ақжігіт";
 
10 қазанда "Орал-Самара";
 
14 қазанда "Павлодар-Омбы";
 
2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енетін болады.
 
Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.
Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді:
 
1. жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
2.16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
3. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
4. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
5. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
6. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.
 
Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.