Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, күшті жел соғады

29 Тамыз 2023, 08:14 1025

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар), бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Берік Арманов
Бөлісу: