27.11.2023
06:16
888
Бүгін ел аумағында тұман түседі

Бүгін ел аумағында тұман түседі

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 27 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

Жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Қалған аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады, — деп жазды ведомстводан.