Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

10 Қыркүйек 2023, 07:22 674

«Қазгидромет» РМК 10 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жексенбіде Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перизат Саденова
Бөлісу: