Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 18 тамызда түнде Атырау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.