«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.