16.09.2023
07:22
958

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

16 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Атырау, Қарағанды, Петропавл және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.