05.02.2023
07:13
1472
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін ел аумағындағы 5 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер 5 ақпанда елдің қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға қатысты болжамдарын айтты.

Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.