10.11.2023
06:09
1294
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

10 қарашада Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жұма күні ауа сапасы тек Шымкент қаласында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.