Енді азаматтар жаңа жеңіл көліктерді ұзақ мерзімді жалға алып, кейін оларды сатып алуға немесе компанияға қайтарып беруге мүмкіндік алады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл механизм автонесиелеуге балама болмақ, бірақ шарттарды мұқият зерттеуді талап етеді.
Жаңа бағдарлама Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген түзетулер күшіне енгеннен кейін қолжетімді болды. Бағдарлама аясында тек жаңа көліктерге лизинг рәсімдеуге болады. Шарт мерзімі аяқталған соң клиент:
Автолизинг, ең алдымен, бастапқы жарна жинауға немесе банк несиесін алуға қиындық көретін азаматтарға арналған.
Алайда, бекітілген өзгерістер ішінде бір ортақ типтік келісім-шарттың алынып тасталуы мамандарды алаңдатып отыр. Себебі шарттар әр компанияда әртүрлі болады – пайыздық мөлшерлеме, төлем кестесі, комиссиялар және көлікті сатып алу шарттары мемлекет тарапынан реттелмейді.
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Заңгерлер азаматтарға шартқа қол қоймас бұрын барлық тармақты – айыппұлдарды, техникалық қызмет көрсету тәртібін, қайтару шарттарын, қалдық құнын – алдын ала мұқият қарап шығуға кеңес береді.
Ведомствоның мәліметінше, жеке тұлғалар тек автосалондардағы жаңа автомобильдерді ғана лизингке ала алады.
Лизингтік қызмет лизинг берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, „Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы”, „Рұқсаттар және хабарламалар туралы” заңдарына және өзге де нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл талаптар бұған дейін пайдаланылған көлік құралдарына қолданылмайды, — делінген министрлік жауабында.
Осылайша, автолизинг арқылы қолданылған көлік алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Маңыздысы – мемлекет бұл бағдарламаның қаржыландырушысы емес. Ол тек құқықтық негіз қалыптастырып, нарықтың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Министрлік түсіндіргендей, бекітілетін нормативтік акт пайыз мөлшерлемелерін, мерзімдерді, шекті құнды, бастапқы жарнаны немесе өзге де коммерциялық шарттарды реттемейді. Олардың барлығы лизинг алушы мен лизинг компаниясы арасындағы жеке келісімшартта белгіленеді.
Демек, автолизинг мемлекеттік жеңілдік бағдарламасы емес. Бұл – банктер мен лизингтік компаниялар ұсынатын коммерциялық өнім. Шарттар – толықтай нарыққа байланысты.