Бүгін - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

19 Қараша 2023, 12:38 902

Елімізде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтардың дастархандарының берекелі болуы аграрийлердің, өнім өндірушілердің, оны қайта өңдеумен айналысатын аралас сала қызметкерлері еңбегінің жемісі. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі осы салада өндірілетін өнімдерге байланысты.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Бәріміз және еліміз үшін маңызды әрі қажетті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Асқар Таудай
Бөлісу: