15.06.2025
09:26
1515
Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

15 маусым республика бойынша найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанған. Ауа температурасы +28+30°C ыстық болады.

Алматыда күн ашық, +30+32°C ыстық болады.

Шымкентте жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы +38+40°C көтеріледі.