11.11.2024
08:43
851
Бүгін Астанада төтеншеліктер тұрғын секторларына рейд жүргізеді

Бүгін Астанада төтеншеліктер тұрғын секторларына рейд жүргізеді

Бүгін 11 қарашада елордалық төтеншеліктер тұрғын үй секторларына рейд жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, 11 қарашада сағат 12.00-де Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиевтің басшылығымен жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп Астана қаласының тұрғын секторында профилактикалық рейд өткізеді.

Іс-шара барысында азаматтарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріледі. Сонымен қатар датчиктер орнатылады және нұсқаулар жүргізіледі деп күтілуде. Мұнан соң жұмыс қорытындысы бойынша № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде БАҚ үшін брифинг өткізіледі.