07.05.2025
08:24
959
Бүгін Астанада әскери парад өтеді

Бүгін Астанада әскери парад өтеді

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.