Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін 17 автобустың бағыты өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 тамызда Астанада «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммиті мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-Консультативтік кездесуінің өткізілуіне байланысты, №3, 4, 4А, 14, 19, 21 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Жолыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ертең 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды. Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандары арасында жүреді. Осы бағыт бойынша 15 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Қатынау жиілігі 11-20 минут болады.
Қозғалыс сызбасын CTS Instagram парақшасының Tаplink-те көруге болады. Бағдар: «Отау», «Үркер» шағын аудандарында қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға, Қайым Мұхамедханов, Сарайшық көшелері мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылын тура жүретін бағдармен қамтамасыз етуге, №№ 7, 11, 18, 43, 45, 47, 49, 52, 54, 56, 66, 71, 80 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.