Бүгін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Кеше, 09:33 315

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мерекені Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министірлігі мен оның өңірлердегі құрылымдары және әлеуметтік сақтандыру қоры органдарының қызметкерлері атап өтеді.

Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны

12 704 адамды құрайды, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: