Бүгін - Абай күні

10 Тамыз, 09:00 438

Бүгін - Абай күні. Бұл дата еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген күн. Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Аталған мереке Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 тамыз ресми демалыс күні болып саналмайды.

Абай Құнанбайұлы ақын, ұстаз, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы, филофос.  Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. 

Абай күніне орай биыл елімізде ұлы ақынның шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

Біз бұған дейін Қазақстан Абай есімді қанша азамат тұратыны туралы жаздық.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: