03.10.2023
06:13
861
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

3 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.