05.06.2024
09:50
1267
Бүгін 3 қалада ауа ластанады

Бүгін 3 қалада ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК 5 маусым күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 маусым күні Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.